|    |  
16 қараша 2018
04:02
Баян Есентаева: Ең жақсы ем – балаларыңмен бірге болу
11 шілде, 18:57 3577

 
Белгілі продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаева Instagram парақшасында өз-өзіне келу үшін не нәрсенің жақсы көмектесетінін жазды. Жазбасында «Ең жақсы ем – балаларыңмен бірге болу», - деген. Қазір ол күйеуімен арасында орын алған оқиғадан соң ем қабылдап жатыр.
 
Еске  салайық, Баян Есентаеваны 10 маусымда жолдасы Бақытбек Есентаев соққыға жыққан болатын. Содан кейін продюсер мұрын, бас сүйек – ми және пышақ жарақатымен Талғар аудандық ауруханасына жатқызылған еді. Б.Есентаев АІІБ-на жеткізіліп, кейін УҰИ жабылған.
ІІБ мәлімдеуінше айыпталушы ұрыс-керіс кезінде масаң күйде болған және кейін өз кінәсін мойындаған. 13 маусымда сот қаулысымен екі ай қамауға алынған. Қазір аталған іс «Адам өлтіруге талпыну» бабы бойынша тергелуде. 
Все новости