|    |  
21 наурыз 2019
08:49
Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайды
14 қыркүйек 2016, 13:01 8
 
 
Қаскелеңде мамандандырылған ауданаралық сотта Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым басталды. Алдын ала тыңдалымда судья соттың жабық режимде өтетінін мәлімдеді. Судья Берікжан Байжүнісов: «Айыпталушы Есентаевқа 120-баптың 1-бөлімі, 121-баптың 1-бөлімі бойынша жыныстық сипаттағы қылмыстар жасады деп айып тағылғандықтан, сондай-ақ айыпталушы мен жәбірленушінің  жеке өмірлері (жыныстық) туралы мәліметтің жарияланып кетпеуі үшін жабық сот талқылауын өткізу қажет»-деді.
 
Істі алқабилер соты қарамақ. Басты сот тыңдалымы 28-қыркүйекке белгіленген. Баян Есентаеваның өзі алдын ала тыңдауға келген жоқ.
  


Ал продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек сотта әкесін қорғамақ. Бұл туралы айыпталушының адвокаты Бекболат Жексейітов: «Ол (Айсәуле) айыпталушының қорғаушысы болып табылады, әкесін қорғайды»-деді.

Все новости