|    |  
20 қараша 2018
20:43
​Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле халықтың кезекті сынына ілікті
03 қараша, 08:59 1409


Танымал продюсер Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Ғаламтор  желісінде пайдаланушылардың сынына ілікті.
 
Айсәуле Алматыдағы брендті бутиктердің бірінің киім үлгісін жарнамалау үшін фотосессияға қатысқан. Екі жағы қаусармалы костюмді жалаңаш денесіне киіп түскен фотоны Айсәуле Инстаграм желісіндегі өзінің жеке парақшасына орналастырды.
 
«І'm crazy but u like it («мен ессізбін және сол іспетті» - ред.)», - деп жазды ол парақшасына.
 
Желіні пайдаланушылар фотоны сынның астына алды. «Қазақ қызына өте ұят», «мынау масқара ғой», «алма алма ағашынан алысқа түспейдi...», «бұл мұсылман қызына жараспайды» және осы сынды өзге де пікірлер жазылуда.
 
Бірақ Айсәуле Бақытбекқызының сән әлеміндегі бұл талпынысына оң баға берген пайдаланушылар да табылды.
Все новости