|    |  
11 желтоқсан 2018
00:54
БАЙЫП КЕТУ МҮМКІНДІГІ ЖОҒАРЫ 5 ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ
14 қараша, 12:41 2628
 Сіз әлемде қай жерде болсаңыз да, әрқашан астрология ғылымының күшіне сенетін адамдарды кездестіретініңіз ақиқат. Олардың өмірі күнделікті және апталық жұлдызнамаларға негізделген және олар өздері сәттілік таңбаларын үнемі іздеу үстінде жүреді. Жұлдызнама 12 белгіден тұрады, олардың әрқайсысы от, су, жер және ауа секілді 4 элементтің біреуінің әрекетіне түсетіні белгілі. Адамның жеке қасиеттері осы элементтерге тікелей байланысты.



Таңбалар мен элементтерді біріктіру арқылы астрологтар, әдетте, әртүрлі сипаттамаларды, сезімдерді, сондай-ақ барлық топтардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алады.

Сол сияқты, анықталған сілтемелерді кеңес алу үшін келгендердің қаржылық болашағын болжау үшін қолдануға мүмкіндіктері бар екені де анық.

Барлық белгілер өздерінің дағдыларына ие, сондықтан кейбірінің өнерде бағы жанса, енді бірі бизнес саласында өзін көрсете алады. Сондықтан, мамандықты немесе хоббиді таңдамас бұрын, адамдар табысқа жетудің жақсы мүмкіндігіне ие болу үшін жұлдызнама белгілерін де тексеруге тырысып жатады.

Төменде қаржылық өркендеу ықтималдылығы жоғары 5 белгі берілген. Келесі болжам бұл белгілерге, олардың мінез-құлқына және өмір салтына байланысты туылған адамдардың жеке қасиеттеріне негізделген.


Бикеш

Жұлдызнама белгілерінің барлығының арасында тек Бикеш ерекше еңбекқорлық және ұтымды ойлаумен ерекшеленеді. Мұндай адамдар өте айқын және ешқашан байқалмаған ең кішкентай бөлшектерді  назардан тыс жібермейді.
Бикеш жер элементіне тиесілі болғандықтан, ол тұрақтылық пен өмірдегі қатал шындықты сезіну қабілетімен ерекшеленеді. Әдеттегідей, ол тыныш, жинақы және кез келген жағдайда өз мінезін жоғалтпайды.
Барлық бикештер - тез және ұтымды болып жатқан нәрсеге жауап беретін кемелді мамандар, сондықтан бұл адамдардан тамаша көшбасшылар шығады.
Жеке қасиеттерімен қатар, осы белгіге тиесілі адамдар әрқашан өз жұмыстарын тартымды эстетикалық көрініспен қамтамасыз етуге тырысып бағады.
Күні: Сәрсенбі
Саны: 5, 14, 23, 32, 41, 50
Түсі: сұр, қызғылт сары, сары, ақ
Тасы: топаз

Торпақ

Бикеш сияқты, Торпақ та жер элементіне жатады. Олар өздерінің барлық қатынастарында тұрақтылықты сақтайтын қарапайым адамдар. Оларды өте адал және дәйекті адамдар деп сипаттауға да болады
Торпақ ешқашан ішкі дауысын тыңдамайды, кез-келген мәселені терең талдауды ұнатады. Өте ақылды бола тұра, торпақ өздерінің жақсы жұмыс істейтін көшбасшылары болып табылатын жұмысында өте маңызды адам саналады.
Осы жұлдызнамаға тиесілі адамдар ешқашан уәделерін бұзбайды, өйткені олар өте сенімді іскер серіктестер. Олар басқаларға сенім артады, сондықтан адамдар олардың ісіне қорықпай инвестиция құя алады.
Және торпақ қарапайым өмір сүріп және оны мүмкіндігінше аз жұмсауды жақсы көреді. Ол әдемі заттарды сатып алғанға қарағанда әлдеқайда тиімді, бизнеске инвестиция салғанды жөн санайды.
Күні: дүйсенбі, жұма, сенбі
Саны: 2, 11, 29, 37, 56
Түсі: жасыл, ақ
Тасы: зүбәржат

Шаян

Су элементінің белгісі бола тұра, шаяндар әрқашан өзгелерді өзінің әлеуетін пайдалануына шақырады. Олар өте мейірімді және сенімді. Және осы жұлдызнама белгісінде туғандар басқа адамдардың мұқияттылығына жауап бере алады және өз қызметтеріне ештеңе талап етпейді. Бұл үшін оларды басқа адамдардың сеніміне кіре алатын керемет топтық ойыншылар деп атауға болады. Мұндай сенім оларды жұмысында да, жеке өмірінде де тиімді ете түседі.
Шаяндар- шығармашылық тұлғалар, олар қандай да бір жақсы идеялардың авторы саналады. Олардың шығармашылық қабілеті жаңа істі бастауға мүмкіндік береді.  
Бұл топтаманың барлық өкілдері өз қалауынша оңай жұмыс табады. Сондықтан олар аз шаршайды, жұмыспен қамтылуы сирек өзгереді. Оларға кез келген жобаны сенім артып тапсыруға болады, өйткені шаяндар өз ынтасын еш жоғалтпайды, міндетті түрде соңына дейін жеткізеді.
Күні: сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі
Саны: 4, 13, 22, 31, 40, 48, 57
Түсі: күміс тәрізді, көк
Тасы: меруерт

Арыстан

Арыстандар бұл тізімдегі от белгісінің жалғыз өкілі болып табылады. Аң патшасының белгісіне тиесілі жандар туа біткен көшбасшылар саналады, әрдайым ынта-жігерге, күшке толы жүреді. Олар өте батыл келеді және әр ісінде сәттілікке қол жеткізіп отырады.
Арыстандардың барлық өкілі өмірден бәрін алғысы келеді. Өз мүмкіндіктерін қалай пайдалану керектігін де біледі. Олар әрдайым өзін ұстай біледі, оларды дегеніңізге көндіру де қиын. Мұндай қасиеттер олардың табыс пен жетістікке жетуіне көмектеседі.
Күні: сейсенбі, жұма, жексенбі
Саны: 5, 14, 13, 32, 41, 50
Түсі: қызыл, ақшыл сары, сары, қызғылт сары, алтын түсті
Тасы: лағыл

Сарышаян

Сарышаяндар өте харизматикалық жандар және де өздерінің барлық сезімдерін басқа адамдарға бағыттай біледі. Олар адамдарға қажетті нәрселерді, мысалы, өздері ұнататын нәрселерді жасата алады. Сарышаяндар сумен тығыз байланысты, бұл оларға күшті интуитивті қабілеттер береді. Олар жаңа нәрселерді үйренуге табиғатынан бейім, олардан тамаша детективтер де шығады.
Өмірінің басты ерекшелігі - қатаң тәртіп. Ол оқуға деген табысқа қол жеткізуге көмектеседі. Бұл белгіге тиесілі жандар әрдайым ауыр жұмыстан қашпайды. Және де, мұндай адамдар өздерінің жеңіліске ұшырағанын мойындап, қатеден сабақ ала біледі, бұдан да жақсы болуға талпынады.
Күні: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жексенбі
Саны: 8, 17, 26, 35, 44, 53
Түсі: күлгін, қызыл
Тасы: жылтыр тас

Дереккөз: Клубер
Все новости