|    |  
20 қараша 2018
22:42
Берлускони 3 жыл түрмеде отырады
09 шілде, 10:28 754
Неаполь прокуратурасы сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған Италияның бұрынғы премьері Сильвио Берлускониге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
 Сот саясаткерді 2006 жылы сенаторларға пара берді деген айып бойынша кінәлі деп таныды.  



Прокурордың айтуынша, 2007 жылы Берлускони пара беру арқылы Романо Проди басқарған үкіметті отставкаға кетіруге тырысқан. 

Енді 78 жастағы Берлускони қатарынан 5 жыл бойы мемлекеттік қызметпен айналыспайды, деп жазады La Stampa. Тергеу нәтижесіне сәйкес, 2006 жылы Берлускони Серджио де Грегориге 3 млн еуро беріп, үкімет коалициясына қосылған.

Еске сала кетейік, ол 2008 жылы ол премьер-министр креслосына отырды. Бұдан бұрын Берлускони салықтарды төлеуден жалтарғаны және кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынастарда болғаны үшін әртүрлі баппен сотталған болатын.

Дереккөзі: dni.ru
Теги: Главная
Все новости