|    |  
26 наурыз 2019
23:32
Бір түске деген құмарлық нені білдіреді?
08 ақпан 2019, 09:44 3


Егер айналаңызда басым түс болса, сол түстердің нені білдіретінін біліп алыңыз.

Көгілдір. Шығармашылықтың, өзін көрсетудің және өз қолымен туынды жасаудың түсі. Бұл түстің басымдығы шығармашылықта ғана емес, өмірде тыныштық бермей жүрген жайттар туралы айтуды қажет етеді. Көк түстің қуат орталығы тамақ айналасында орналасқан. Байқасаңыздар, шығармашылық адамдары және тез ренжігіш адамдар көп жағдайда тамақ ауруымен ауырады. 

Сезім көрсеткіші: ренжігіштік, сезімталдық, мазалаушы сұрақтарға жауап іздеу.

Физикалық көрсеткіші: тамағының, қалқанша безінің ауруы, зат алмасуының бұзылуы, артық салмақ.

Көк. Рухани өсудің бастамасын көрсететін түс. Егер өміріңізде көк түс басым болса, рухани көзқарасыңызды, ішкі түйсігіңізді кеңейтуді және әлемді тек материалдық деңгейде танып-біліп қана қоймай, рухани өсуі мен жетілуін зерттеуді қажеттілік етуіңіз мүмкін.

Күлгін және ақ. Бұл түстер жоғарғы ретті қуат орталықтарына сәйкес келеді. Сауат ашуға және нұрға бөленуге жақын адамдар осы түстерді таңдайды. Бұл адамдар рухани тәжірибемен айналысуы мүмкін. Егер өміріңізде күлгін немесе ақ түс басым болса, рухани сана-сезіміңізді ең жоғарғы деңгейге көтеруге бағытталуды қажет етесіз.

Қара. Жаңарту мен өзгерістер түсі. Қара түстің басым болуы өміріңізге толықтай өзгерістер енгізуді қажет етесіз.

Қоңыр. Қызыл түске сәйкес келеді. Аяқта тік тұруға бағытталу, күндеріңіздің бәрі біркелкі болғандықтан, өміріңізге өзгеріс енгізуді қалайсыз. Демеу мен қорғанысты қажет етуіңіз мүмкін.

Сұр. Сұр түс тұрақтылық пен үндестік түсі. Шынайы сезімді және жанның тыныштығын, демалысты қажет етесіз.

Егер жоғарыда берілген түстердің ішінен өзіңізге қажеттісін таппасаңыз, спектр бойынша сол түске ең жақын түсті таңдаңыз.
Все новости