|    |  
21 қараша 2018
18:59
Бір ұялы телефонды өндіруде 86 кг қалдық пайда болады
04 желтоқсан, 11:41 896
Швециялық ғалымдар бір ұялы телефон өндірілгенде одан 86 кг дейін өндірістік қалдықтардың пайда болатындығын есептеп шықты. Бұл туралы tass.ru сайты хабарлайды.



Ұялы телефонды өндірудегі қалдықтардың басым бөлігі оның қосалқы бөлшектерін металдан өндіру  кезінде пайда болады.
«Телефонда металл, пластмасс және басқа да материалдардан жасалған ұсақ элеметтер жетерлік. Телефонды жасау кезінде қалдықтардың басым көпшілігі металл бұйымдарын өңдеу кезінде туындайды», -деді СВТ арнасына берген сұхбатында қоршаған ортаны қорғау институтының сараптамалық тобының жетекшісі Оса Стенмарк.

Сондай-ақ жобаға қатысушы ғалымдар басқа да электронды және электр қондырғыларын шығарған кезде қалдықтардың пайда болуын да зерттеді. Мамандардың айтуына қарағанда, адам өмірі мен тіршілігін жеңілдетуге бағытталған тұрмыстық құралдарды өндіру кезінде көп мөлшерде қоршаған ортаға  зиян тигізілетін қалдықтар салмағы жоғары.
 
Все новости