|    |  
14 желтоқсан 2018
01:09
Бірнеше жұмысты қалай қатар алып жүруге болады: 9 кеңес
25 ақпан, 13:49 164


Қазіргі қоғамда көптеген адамдар бірнеше жұмысты қатар атқаруға мәжбүр. Алайда, негізгі жұмыс орнындағы қызметте жұмыс өнімділігі мен сапасын қалай тиімді сақтау жолдарын көбісі біле бермейді.

Бірнеше жұмысты қатар атқарудың себептері әртүрлі – бұған қосымша қаржы көзін табу қажеттілігі немесе өзін-өзі дамыту себепші түрткі болуы мүмкін. HeadHunter Украина Халықаралық кадр порталының мамандары осы мәселеге қатысты бірнеше кеңестер беруді жөн санапты.
 
  1. Сізге бірнеше жұмысты қатар атқаруыңызға себепші нәрсені үнемі естен шығармаңыз.  Мұның барлығын белгілі бір мақсаттарда орындайтындығыңызды сезіну жаңа асуларды бағындыруыңызға сеп болады. Егер Сіз офис-менеджер болып қызмет атқара жүріп, түнге қарай журналға мақала жазатын болсаңыз, ерте ме, кеш пе Сізді журналист ретінде штатқа қабылдайтындығына күмәніңіз болмасын.
  2. Бұндай жағдай қаншалықты ұзаққа созылатына қарай өзіңіздің жұмсайтын уақытыңыздың нақты кестесін жасаңыз. Мысалы, екінші жұмыс ипотекаға алған несиеңізді мерзімінен бұрын жабу үшін қажет болса, Сіз оны қанша уақыт ішінде толығымен өтейтіндігіңізді есептеп, уақытты кері есептеуіңіз керек, яғни таймерді кері бағытқа қойыңыз.
  3. Бірнеше жұмысты қатар атқару – бұл қаржы мәселесін шешудің жалғыз жолы екендігіне көз жеткізіп алыңыз. Егер Сіз ешқандай қаржы шығындарына тап болмай бір жұмысты тоқтатып, екінші жұмыста қосымша уақыт ала алатын болсаңыз, мұндай мүмкіндікті құр жібермеу жолдарын ойластырыңыз.
  4. Жұмысты басымдықтарына қарай жіктеңіз де, өз міндеттеріңізге өкілеттік беріңіз. Көп уақытыңызды жұмыс істеуге жұмсағандықтан, тұрмыстық проблемаларды шешуге мүмкіндік қалмайтыны белгілі. Өз міндеттеріңізді басымдықтарына қарай бөліңіз, сонда олардың кейбірін сирек атқаруға болады. Егер сіз үйді жинау немесе балаға қарау мәселесін біреуге сеніп тапсыра алатын болсаңыз – бұл бүкіл отбасы мүшелерінің өмірін жеңілдетеді.
  5. Басшылықпен өзіңіздің жұмыс кестеңізге ыңғайлы мәселелерді талқылаудан қысылмаңыз. Мысалы, Сіз барлық тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындауға міндет ала отырып, өзіңіздің жеке кестеңізді жасауға басшылармен келісуіңізге болады.
  6. Бірнеше тапсырманы бір мезгілде орындауды жоспарлап, ұйымдастырыңыз. Мысалы, бір жұмысқа бара жатқан жолға кететін уақытты екінші жұмыстағы жоба туралы ойлануға пайдалануға болады.
  7. Ыңғайы келген кез келген уақытта тынығып алыңыз. Бірнеше жұмысты қатар алып жүремін деп қалыпты 7-8 сағат ұйықтау режимімен қош айтысатыныңызды естен шығармаңыз. Тәулігіне ұйқы уақытының қысқаруы әлсіреп, тез шаршауға және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан ертерек ұйықтау және күндіз тынығып алу мүмкіндігін құр жібермеңіз.
  8. Айына тым құрығанда 4-5 рет болса да өзіңізге толыққанды демалыс күнін жариялаңыз. Мұндай күндерді толығымен өзіңізге және отбасы мүшелеріне арнап, жұмыс туралы мүлдем ойламауға тырысыңыз. Егер мүмкін болса, телефонды мүлдем сөндіріп, интернетті ойға да алмаңыз.
  9. Өз күш-жігеріңізді нақты бағалай біліңіз. Себебі бірнеше жұмысты қатарынан тиімді атқару кез келген жанның қолынан келе бермейді. Кейбіреулер екі-үш жұмысты қатар атқара алмайтындықтан, қосымша ақша табудың басқа көзін таңдауға тура келеді. Бірер айдан кейін Сіз діңкеңізді құртатын шаруаны түсінетін боласыз. Ең бастысы бірнеше жұмысыңызды қатар атқару үшін оңтайлы кесте әзірлеу үшін өз-өзіңізді тыңдай біліңіз.
Все новости