|    |  
23 қаңтар 2020
16:01
Биыл қандай зодиак белгілері табысқа кенеледі?
05 қаңтар 2020, 16:39 207
Наным-сенім бойынша тышқан ақшаны есептеу біледі және оны желге шашқанды ұнатпайды. Биылғы тышқан жылы қандай зодиак белгілеріне табыс әкелетінін айтайық.


  
Тоқты
Ең бастысы қазіргі жұмыс орнын сақтау. Қосымша табыс көздерін іздеу керек. Егер жұмысыңыздан шығатын болсаңыз шығынға ұшырауыңыз мүмкін.
 
Торпақ
Биылғы жыл торпақтар үшін өте табысты. Әсіресе шетелдік компанияларда жұмыс істейтіндердің жолы болады. Торпақтардың өз білім-дағдысын арттырғаны дұрыс.
 
Егіздер
Биыл несие аларда барлық мүмкіндіктеріңізді таразыға тартып, ойланған жөн. Қомақты қарыз алмаған абзал.
 
Шаян
Шаяндар үшін бұл жыл қаржылық тұрғыда бейтарап жыл. Шаяндарға үлкен табысты өзара тиімді серіктестік әкеледі. Оларға серіктестік қатынастарын нығайтқан жөн.

Арыстан
Арыстандардың айлығы өсуі мүмкін. Сауда-саттықпен айналысатын арыстандар үшін табыс мол болмайды. Ал тұрақты жұмыс істеп, мансап жолында көтерілетіндер үшін сәтті жыл болмақ.
 
Бикеш
Бикештердің бизнесте жолы болады. Лотореялар мен конкурстарда сәттілік серік болады.
 
Таразы
Тарапзылар жылжымайтын мүлікті тиімді бағамен сата алады. Бұл қомақты қаражат. Сондай-ақ құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстары жақсы жүреді. Бірақ келісімшарт жасағанда асықпаған жөн.
 
Сарышаян
Сарышаяндар үшін бұл жыл бейтарап жыл. Жақындарыңыз қаржылық көмек сұрауы мүмкін. Туысқандарыңыз шығынға ұшыратуы мүмкін.
 
Мерген
Мергендер үшін биылғы жыл жаман болмайды. Бірақ олар көп шығын жұмсауы мүмкін. Құмар ойынға кіріп кетуі ықтимал. Сондықтан ойланып қимылдаған жөн.
 
Тауешкі
Тауешкілер үшін бұл жыл жеңіл болмайды. Бар күшті өзіңізді дамытуға, білім шыңдауға, тренингтер мен курстарға қатысуға салу керек. Денсаулыққа баса назар аударған жөн.
 
Суқұйғыш
Егер суқұйғыштар еңбекқорлық пен сабырлық танытатын болса сәттілік серік болады. Жыл басында жұмыстарында қиындық болуы мүмкін. Бірақ рухани дамуға күш салса бәрі жақсы болады.
 
Балықтар
Биыл балықтардың қорлар мен қаржы нарықтарында жолдары болады. Олар табысты операциялар жасайды. Балықтар кез келген іске кірісіп, тәуекел етулеріне болады. Биыл оларға сәттілік зор табыс әкеледі.

Дереккөз: Life
Все новости