|    |  
20 қазан 2019
16:13
Блогер тікелей эфирде алоэ екен деп улы өсімдікті жеп қойды
27 маусым 2017, 12:03 31



Қытайлық 26 жасар Чжан есімді блогер тікелей эфирде алоэмен шатастырып, улы өсімдіктің жапырақтарын еп, уланып қалды The Daily Mail.

Бойжеткен сыртқы түрі алоэге қатты ұқсас өсімдіктің үлкен екі жапырағын алып, оны жеген сәтін тікелей эфирге шығарған.

Блогердің бұл әрекетін бірнеше жүздеген Желі пайдаланушысы тамашалаған. Чжан осылайша салауатты өмір салтын дәріптемек ниетте болған. Ал, шын мәнінде оның сатып алғаны американдық агава өсімдігінің жапырақтары болып шыққан.
Әдетте, американдықтар бұл өсімдікті үйде декоративтік сән үшін пайдаланады.
 
Өсімдік жапырақтарын жегеннен кейін блогер өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған. Чжан өсімдіктен оның ауыз қуысы ұйып, жансызданып қалғанын, ал тамағында күйген әсер байқалғанын айтады.
 
Блогер қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.





Дереккөзі: https://lenta.ru

 
Все новости