|    |  
25 наурыз 2019
16:43
Бокс патшасы Алидің өмір жайында айтқандары
22 ақпан 2019, 09:50 0

Мұхаммед Али – төрткүл дүниеге таныстыруды қажет етпейтін нар тұлға. Бокс тарихында атын алтын әріппен жазып қана қоймай, «Бокс патшасы» атағын да еншілеп алған ардақты азамат. Ол бабында жүргенде, әлем бойынша оған тең келер қарсылас болмаған. Ол шыныменде, өз ісінің шебері еді. 

Алиден тек қана қалай дұрыс ұру керек екенін ғана үйренуге болады десеңіздер қетелесесіздер. Себебі, Али – адамгершіліктің, әлемде теңдіктің, бейбітшіліктің болғанын шын жүрегімен қалаған аңыз адам. Сонымен қатар, ол – өз өміріндегі қағидалар жайлы, өмір жайлы сөз саптаған шешен. Олай болса, бокс патшасы Мұхаммед Алидің айтқан ақылдарына құлақ түрейік. 

1. Уақыт шектеулі, оны өкінбейтіндей қылып өткізіңіздер 

Уақытты ешкім ұстап тұра алмайды. Бұл туралы «Бокс патшасы» уақыттың бәрінен де қымбат екеніне ешкімнің де таласы жоғын айтып, оның әлемнің ақшасына да сатып ала алмайтынымызды айнымас ақиқат ретінде көрсетеді. Сондықтан да, өзіңізге өлшеп берілген уақытты текке өткізбей, оны мәнді де мағыналы, жақсы нәрселерге жұмсау керектігін тілге тиек етеді. «Сонда, қартайған шағыңызда бұл дүниеге бекер келмегеніңізді түсінесіз» дейді. Өміріміздің әр секунды мағыналы өтуі тиіс. «Елуді еңсерген ел ағасы өміргежиырма жастағы жас жігітше қараса, онда ол отыз жылын мағынасыз өткізген екен». 

«Егер мен қоқыс жинаушы болсам, онда оны бәрінен тез әрі таза етіп жинайтын едім. Егер тілші болып, Мұхаммед Алимен кездесіп, тілдесетін сәт туса, онда оған қатысты барлық ақпаратты меңгеріп, басқа көзқараспен қарайтын едім. Барлық істе мықты болу керек»,- дейді Али адам өз ісінің шебері болуы керек екенін меңзеп. 

2. Өзіңізге сенімді болыңыз 

«Сенімділіктің бір күнде туа салмайтыны белгілі. Оны алдымен бойға сіңіру қажет. Ешкім де тәкаппар адамды ұнатпайды, бірақ бір бұрышта жасқаншақтап қарап тұру – бұдан да жаман», - деп, өз-өзіне сенудің белгілі бір мөлшері болатынын ескертеді. Сенімділіктің мағынасы кең және оны әркім әр түрлі түсінеді. Ал Али болса, тәуекелділікпен ұштастырады. «Төнген қауіптің күштілігіне қарамай, мақсаты үшін тәуекелге бел байламаған адамның бұл өмірде ештеңеге қолы жетпейді», дейді былғары қолғап шебері. 

3. Жаттығу кімге болса да оңай соқпайды 

«Көптеген адамдар атақты спортшылар жаттыққанды жақсы көріп, содан ләззәт алғандықтан ғана үлкен жетістіктерге жетті деп ойлайды. Егер, қандай да бір спортшы «Мен жаттығу жұмыстарын жасағанда, түк те қиналмаймын» десе, онда оған сеңбеңіз, олар өтірік айтады» дейді. Және жаттығу жайында: Мен жаттығудың әр минутын жек көрдім. Бірақ, өз өзіме былай дедім: «Қазір қинал да, сосын өмір бойы жеңімпаз деген атақпен өмір сүр». 

Сіз аптасына үш рет спорт залға барып қана ешқашан жеңімпаз бола алмайсыз. Дегенмен, жеңімпаз тек спорт алаңында ғана болмайтынын да естен шығармаңыз. Жүрегіңіз қалаған іске алтын уақытыңыз бен бар күшіңізді салып және оның биіктігіне қарамай, шыңын бағындыруыңыз керек. Қандай жағдай болса да, артқа бұралмаңыз, тек қана алға адымдай беріңіз. 

4. Жеңілісктің де дәмін сезу керек 

Али шаршы алаңдағы кездесуінің 56-ын таза жеңіспен, 5-ін жеңіліспен және 0-ін тепе-тең болып аяқтаған. Бұл – тамаша көрсеткіш. Дегенмен, өмірінде тек бес-ақ рет жеңілген спортшы үшін әр жеңілісі таудай қайғымен тең. 1973 жылы Джордж Форманмен жұдырықтасар алдында, былай деген: Мен ешқашан жеңіліс туралы ойламаған едім, бүгін алғашқы рет ішімдегіні айтайын. Біз барлығымыз жеңілеміз және оған бой үйретуіміз қажет. Жеңіліс дәмі өте ащы, дегенмен, бізді мықты қылып, күш беріп, қайрайтын да жеңіліс. Мұны бәріңіз білетін шығарсыздар? 

5. Жүз теңгең болғанша жүз досың болсын 

Өмірде биікке көтерілген сайын шын достардың саны азая беретінін көптеген адамдар алға тартады. Ал Али болса, «Осыншама жетістікке жеткенім – сол жан достарымның арқасы» дейді. Өмірде сатып алуға және сатуға болмайтын бірден-бір қымбат сыйлық шынайы достық дейді. Егер сіз жаратушыдан бір нәрсе сұрасаңыз, онда алғашқы кезекте ақша емес, алтын емес, шынайы достардың махаббатын сұраңыз. Бірақ, достыққа да бағбан болмасаңыз, бақшадан жеміс күтпеңіз. Кейде достар арасындағы сыйластық, жіңішкеріп-жіңішкеріп жіпке айналады. Және бір ғана сәтсіз қимыл оны мәңгілікке үзіп жіберуі мүмкін. Сондықтан, оған әрдайым жүрек көңілімен қараңыз және үзіліп кетуіне жол бермеңіз, өйткені достық бағалы.

Дереккөзі: "Әлеуметтік желі беттерінен"
Все новости