|    |  
21 қараша 2018
18:59
​Боксшы Бекман Сойлыбаев Солтүстік Америка чемпионы атанды
19 ақпан, 15:30 999

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев WBA-NABAUSA нұсқасы бойынша чемпион атанды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. АҚШ-та қазақстандық былғары қолғап шебері сегіз раундқа созылған жекпе-жекте мексикалық Мойзес Дельгадиллоны ұтты. Алғашқы раундтан бастап шабуылға көшіп, сауатты қорғана білген Сойлыбаевты төрешілер бірауыздан жеңімпаз деп тапты. Осылайша ол екінші жартылай салмақта Солтүстік Америка чемпионы атанды.

24.kz
Все новости