|    |  
18 қараша 2018
04:29
Боксшы Қанат Ислам 20-шы рет жеңіске жетті
09 қараша, 09:39 868
08-11-15-kanat_islam-1

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам бүгін, 8 қараша күні таңертең АҚШ-тың Майами қаласында кәсіпқойлар рингіндегі 20-шы шайқасын өткізіп, 20-шы рет жеңіске жетті. Бұл туралы «Профи Бокс Казахстана» ВКонтакте тобы хабарлады.

Жасы 30-дағы Қанат Ислам Доминикан Республикасының 31-дегі өкілі Джонатан Батистаны ұрыстың бірінші раундында нокаутқа жіберді. Сөйтіп, WBA Federalatin версиясының орта салмақтағы ең мықты боксшысы екенін тағы дәлелдеп берді. Осымен 20 жекпе-жегінің бәрінде жеңіс биігінен көрінген Қанат бұлардың 17-сін мерзімінен бұрын аяқтап шықты. Ал оның қарсыласы 15 шайқасының 8-іншісінде жеңіліп отыр.

Дереккөзі: ras.kz
Все новости