|    |  
19 қараша 2018
14:19
Британдық бір тәулікте 12 елге барып шықты
31 мамыр, 09:14 621

Йоркшир графтығының тұрғыны Адам Лейтон (Adam Leyton) 24 сағатта барған елдер саны бойынша рекорд орнатты.  25 мамырда ол таңертеңгі 7-де Германиядан шығып, жолай Люксембург, Франция, Бельгия, Голландия, Дания, Швеция, Польша, Чехия, Словакия, Венгрияда болып, сапарын Австрияда аяқтады. Бұл туралы Daily mail басылымы жазады.   
Бір тәулік ішінде турист Варшавадан Братиславқа баратын пойызда екі сағат қана көз шырымын алған. Соңғы 12-ші мемлекетке үлгеруі үшін оған шекараны жаяу кесіп өтуге тура келген.
39 жастағы үш баланың әкесі осы сапарын қаңтар айынан бері жоспарлаған.
Бұған дейінгі осындай әлемдік рекорд 1993 жылы орнатылған, сол жолы саяхатшы бір тәулікте 11 мемлекетке барып үлгерген. 

​ ҚазАқпарат 
Теги: Қоғам
Все новости