|    |  
22 ақпан 2020
04:56
Бүгін Рахат Тұрлыхановтың туған күні
22 қыркүйек 2017, 17:31 77
Елге әнші ретінде танылған Рахат Тұрлыханов 1984 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы қаласында дүниеге келген.



Балабақша мен мектепте оқып жүрген кезінен-ақ әншілігімен көзге түскен ол үлкен сахнаға 15 жасында аяқ басады. Ал 16 жасында «Р.А.М.А.Н.» атты жеке альбомын шығарып, Алматы мен Мәскеу қалаларында таныстырады. Жасөспірім шағында ондаған фестивальдер мен конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанған ол 100-ден астам қалаға гострльге шығады. 2000 жылы «Голосуй, страна» хит-парадында ең үздік орындаушы атанады.



 2005 жылы Ұлттық басқару академиясын тәмамдаған. Спортпен белсенді шұғылданады. Ағылшын тілін де жетік меңгерген. 2002 жылы Британияның дыбыс жазатын компаниясымен бірлесіп, ағылшын тілінде 3 әнін жазған. 2003 жылы «Жүрек үні» атты альбомы жарық көрген. Қазір Рахат Тұрлыханов кәсіпкерлікпен шұғылданады.











Дереккөз: Reactor
Все новости