|    |  
20 ақпан 2020
23:46
«Буратино» лимонадын шығару барысы бейнеленген ролик Желіні шулатты
19 қыркүйек 2017, 15:53 51


Instagram-да Желіні шулатқан кезекті бір видеожазба жарияланды.

Елге кеңінен танымал ZTB.kz парақшасында «Отандық өнім» деп аталатын бейнероликте антисанитариялық жағдайда «Буратино» лимонадын шығару барысы көрініс тапқан. Роликтен цех қызметкерлерінің қолында қарапайым қолғап та жоқ екенін анық байқауға болады.

Роликті тамашалап үлгерген Желі пайдаланушылары «Отандық өнімнің» дайындалу барысына көңілдері толмайтындығын білдіріп, пікірлер қалдыруда.

«Осындайдан кейін бұны балалар тұрмақ, біз қалай ішеміз?», «Құрсын бұндай тәтті лимонадтары», «100 теңгеге енді қандай лимонад ішкілерің келіп еді?» деген секілді жазбалар легі әлі де жалғасуда.

Әзірше роликтің Қазақстанның қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

 

Отандық өнім)

Публикация от ????????ZTB.KZ (@ztb_kz)



Айдар ЖАНАЙ
 
Все новости