|    |  
17 желтоқсан 2018
05:18
​Бұрынғы жігітінен кек алмақ болған бойжеткен өзгенің көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)
07 қыркүйек, 18:14 1175
 
 
АҚШ-тың Флорида штатының Клируотер қаласында бұрынғы жігітіне өкіпелеп, өшін алмақ болған бойжеткен қателесіп, өзге біреудің көлігін өртеп жіберді. Өртеніп жатқан көліктің видеосын жергілікті полиция қызметкері Facebook-тегі парақшасына салған. Видеода бойжеткеннің көліктің жүк салғышына қалай өрт қойғаны анық көрінеді.
 
Құқық қорғау қызметкерлері ұстағаннан кейін 19 жастағы Кармен Шамбли өзі өртеген көлікті бұрын көңіл жарастырған жігітінікі деп ойлап қалғанын айтқан. Бойжеткенге өзгенің мүлкін өртеу арқылы шығын келтіру бабы бойынша айып тағылып отыр. Ал зақым келген автокөліктің кімдікі екені әлі анықталмаған.
 


Дереккөз: lenta.ru
Все новости