|    |  
15 желтоқсан 2018
09:37
Царнаевтың қорғаушылары жаңа сот тыңдауын Бостоннан басқа жерде өткізуді сұрады
18 тамыз, 09:51 682
 

Бостон марафоны кезінде теракт жасағаны үшін өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевтің қорғаушылары Бостоннан тыс жерде сот тыңдауын ұйымдастыруға қатысты сотқа сұрау жолдады, деп хабарлады ТАСС. «БАҚ тарапынан біржақты таратылған хабар, оқиғалар мен Бостондағы көңіл-күй аталған іс бойынша әділ сот үрдісін өткізуге кедергі болды», делінген жолданған өтінімде.

Адвокаттар сонымен қатар, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған лаңкестік оқиғадан кейін аман қалғандардан алынған сұхбат пен Царнаев және оның жанұясы мүшелері туралы ақпараттар соттың әділ өтуіне кедергі келтіргенін де айтып отыр.

Осыған дейін Царнаев апелляциялық соттың шешімін күткенше, қатаң тәртіптегі түрмеге көшірілгені хабарланған болатын.
Все новости