|    |  
17 желтоқсан 2018
12:26
Чили полициясы итпен бірге жүрген «Мауглиді» тапты
07 қыркүйек, 10:58 1219
Чили полициясы жан-жануарлар өсірген балаға кезікті. Бұл туралы «Россия 24» телеарнасы хабарлады.



Арика қаласында тұратын бір әйел ескі-құсқы автомобильдер қаңқалары тасталған аумақта жартылай жалаңаш баланы жүкті иттің тамақтандырып отырғанын көріп, дереу карабинерлерге хабар салады. Полицейлердің айтуларынша, қазіргі заманғы «Маугли» тектес баланың өте арық екенін бірден байқаған. Оны ата-анасы тастап кеткен сияқты.

Қазір бала дәрігердің мұқият тексеруін өткізіп, жергілікті ауруханада жатыр.

Чили бұқаралық ақпарат құралдарының жазуларынша, полиция баланың анасын тауып та алған тәрізді. Енді табылған сәбидің бұдан арғы тағдыры қалай болатынын ювеналды сот шешеді.

Дереккөзі: ras.kz
Все новости