|    |  
14 желтоқсан 2019
20:47
Цистернада болған жарылыс жүргізушіні аспанға ұшырып жіберді
07 сәуір 2017, 19:55 52


Адам шошырлық оқиға Қытайдағы көшелеріндегі бейнекамераға анық түсіп қалған.

Ұзындығы 16 метрлік жүк көлігінің жүргізушісі цистернаның төбесіне шығып, қақпағын ашпақ болған сәтте кенеттен бак ішінде жарылыс болып, көлік иесін цистернадан шыққан қара түтінмен бірге аспанға бірнеше метр биіктікке атып жіберді.

Бұдан кейін не болғаны және жүргізушінің денсаулық жағдайы қандай халде екені әзірше белгісіз.

Қазіргі таңда көпшілік қауым санаулы сәттерде-ақ Желіге тез тарап кеткен бұл жайттың себептерін анықтауға тырысып бағуда.

Оқиғаның неден орын алуы мүмкін екендігін жорамалдаушылардың бірі цемент немесе қоқысқа толы цистернада көлік қозғалысы кезінде қысым күшейген, сол себепті жүргізуші оның қақпағын аша бастағанда ішіне енген ауамен реакцияға түскен зат жарылған болуы мүмкін деген нұсқаны ұсынып отыр.




Дереккөзі: https://life.ru
 
Все новости