|    |  
07 желтоқсан 2019
01:31
Дәрігер 49 баланың әкесі атанған
17 сәуір 2019, 17:58 89
Нидерландыдағы экстракорпоральды емханалардың бірінде жұмыс істейтін Ян Карбаат өзінің емделушілерін жасырын түрде жүкті еткен. Ол кемі 49 баланың әкесі атанған.


 
Дәрігер келіншектерге айтпай, өзінің спермасын пайдаланған. Карбааттың 39 жастағы бір биологиялық ұлы Джои Хоофдманның айтуынша оның анасы дәрігерге өзінің күйеуінің спермасын берген. Бірақ дәрігер жасырын түрде өзінікімен ауыстырған. Оның биологиялық балаларының саны 200-ге дейін жетуі мүмкін. Нидерландыдағы балалар донорлар қорына көптеген адамдар жүгінуде. Енді олардың әкесі Карбаат екені анықталса, олар өтемақы талап етуі мүмкін. 2007 жылы Карбааттың Роттердам жанындағы ауруханасы биліктің шешімімен жабылған. Ал дәрігердің өзі 2017 жылы 89 жасында қайтыс болған.

Дереккөз: Сегодня
Все новости