|    |  
14 қараша 2019
08:37
Дәрігер барлық пациентке жалған диагноз жазып, 50 млн доллар тапқан
18 мамыр 2018, 11:02 43
Техастық ревматолог Хорхе Замора-Кесаде баю үшін пациенттеріне жалған  диагноз қойып, уытты ем-дом жазған.

 
 
70 жастағы Мария Сапата тізесі ауырып, Замора-Кесадеге жүгінген. Ол оған артрит деген диагноз қойып, қымбат инъекция жазып берген. Мария біраз уақыт  өткеннен кейін емнің көмектеспей жатқанын байқап, басқа мамандарға барған. Олар оның диагнозы мүлде артрит еместігін айтқан.


 
Осы оқиғадан кейін Хорхе Замора-Кесаденің барлық пациенттері осылай зардап шеккені анықталған. Дәрігер оларға жалған диагноз қойып, 50 млн доллар пайда тапқан. Қазір ол алаяқтық үшін айыпталып, тергеу жүргізілуде.
  
Дереккөз: https://life.ru
Все новости