|    |  
18 сәуір 2019
23:34
Дәрігер заңсыз түрде 40 баланың әкесі болған
20 наурыз 2019, 14:51 349


Дәрігер заңсыз түрде 40 баланың әкесі болған.

Аталмыш жаға ұстатарлық оқиға АҚШ-та орын алған екен. Дональд Клайн есімді гениколог 1971 жылдан бері бедеу әйелдерді емдеу үшін өз ДНК тасымалдаушысын қолданған екен. Оның клиенттері дәрігер ұрығын қолданып жүргенін білмеген. 

Дәрігердің бұл әрекеті 2014 жылы әшкере болған. Нәтижесінде үш жыл ішінде Дональд Клайннің 50 баласы пайда болған. Олар бір бірін тауып алған. Оның кейбірі өмірге келгені үшін алғыс білдірсе, кейбірі оны сотқа берген.

Таяуда дәрігерге қатысты сот үкімі шыққан. Дональд Клайн 500 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төліп, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар оның дәрігерлік лицензиясы жоққа шығарылған. Алайда Дональд Клайн 2009 жылдан бері зейнетке шығып кеткен мыс. 

Дереккөзі: РИА Новости
Все новости