|    |  
24 шілде 2019
05:19
Дәрігерлер қателесіп ер адамды тыныс алу аппаратынан ажыратып тастаған
05 шілде 2019, 15:40 146
Чикаго ауруханасында дәрігерлер ер адамды тыныс алу аппаратынан ажыратып тастаған. Олар оны басқа пациентпен шатастырып алған.


 
Ер адам 2019 жылдың сәуір айында бет жарақатымен ес-түссіз күйде жеткізілген. Сол кезде оның екі әпкесіне хабар берілген.
Екі әпкесі ол адамның өздерінің бауырлары болуы мүмкін екеніне бірнеше мәрте күмән келтірген. Бірақ дәрігерлер бауырларын бет-жүзінен танымайтындықтарын айтқан. Содан апалы-сіңілілер «бауырларын» аппараттан ажыратуға келісім берген.

Бірақ апалы-сіңілілер жерлеу рәсім өткізгелі жүргенде олардың шын бауырлары оралған. Ол қала сыртына саяхатқа кеткен екен. Осылайша апалы-сіңілілер өздеріне қатысы жоқ адамды аппараттан ажыратуға келісім берген болып шықты. Енді апалы-сіңілілермен бірге көз жұмған ер адамның өз туғандары сотқа шағым түсірмек.

Дереккөз: КорреспонденТ
Все новости