|    |  
24 қазан 2019
04:25
​Дәурен Айдарқұлов: Ақботаны екінші әйел етіп алғым келді
03 қазан 2019, 12:06 255
Актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов «Если честно» бағдарламасына сұхбат беріп, бұрынғы отбасына, Ақбота Нұрмен арада болған жағдайға қатысты толықтай жауап берді.


 
«Бұл менің өмірімдегі ауыр кезең болды. Менің үлкен ағам болған. Жол апатынан қайтыс болған, содан мен үйдің үлкені болып қалдым. Менен кейін қарындасым бар. Ата-анам әрдайым маған сенетін. Негізі қолдау білдірді. Мен отбасымды бұзғым келмеді. Екеуімен (бірінші жары мен қазіргі жары Ақботаны айтады) де болғым келді. Бірақ өмірде бәрі мен ойлағаннан күрделірек. Тіпті, бір уақыттарда бірінші жарыммен де, екінші жарыммен де осыған келістік. Екеуі де екі әйелдікті қолдады. Бірінші жарым бірақ жасырын болсын, жұртқа жария болмасын деді. Бірақ «Гламур для дур» фильмі шығар алдында Баян Мақсатқызы Ақботаның суретін салып «Ақбота өз сүйіктісін жолықтырды, бала күтіп жүр» деп жариялап жіберген. Оны кейін алып тастағанымен, қаншама желі қолданушысы байқап қойған. Шу басталды. Бірінші жарым ренжіді, Ақбота жас, оған қаншама шабуыл жасалды. Мен оған қарағанда үлкен адаммын, менің өзіме ауыр болды. Қазір бірінші жарыммен ресми түрде ажырасқанмын, Ақботамын заңды некедемін. Ақбота тіпті менің тегімді алды. Қазір фамилиясы Айдарқұлова. Қазір балаларыммен кездесуге ешқандай кедергі жоқ. Ақботаны өте қатты жақсы көремін. Шын махаббатты сезіндім десем де болады. Қазір 34-темін. Бұған дейін мұндай сезімді бастан кешкен жоқпын. Бірінші жарымды сүймедім демеймін, бірақ бұл басқаша. Бірақ ойланып жүрген бауырларым болса екінші әйел алуға кеңес бермеймін. Енді, әркім өзі біледі. Ол кезде, түсірілім алаңында Ақботаны жолықтырғанда, ол мені тоқтатуға тырысты, бұл қарым-қатынасымыздың дұрыс емес екенін айтты. Бірақ мен тек қана алға қарай жүрдім. Бірақ мен Ақботамен бірге екеніме қуанамын, бақыттымын. Әрине, көңілсіз сәттер бар, балаларға қатысты. Бірінші жарымнан туған балаларыммен бірге оянбаймын, бірге тұрмаймын, үлкен қызым ерте есейіп жатыр. Бірақ бір қаладамыз, араласып, кездесіп тұрамыз. Бірінші жарым да, екінші жарым да кездесуімізге шектеу қоймайды»-дейді актер.
Все новости