|    |  
15 желтоқсан 2018
02:45
Демалысқа дәрі алып барған турист үш жылға сотталды
27 желтоқсан, 15:46 237
Мысыр соты Ұлыбританияның 33 жастағы азаматын үш жылға бас бостандығынан айырды.


 
Лора Пламмердің шабаданынан қатты әсер ететін жүздеген трамадол таблеткасы табылған. Бұл препарат тыйым салынған есірткі заттарының тізіміне енгізілген.
  
Бұл таблетканы қолдануға Ұлыбританияда рұқсат етілген. Лора оны көңіл жарастырған жігіті Омар Кабооның өтінішімен апарған. Жігіт белінің қатты ауыратынын айтқан.
  
Лораның туысқандары оның Мысырдың қылмыстық кодексін, бұл дәріге тыйым салынғанын білмегенін айтады. Бірінші ұстаған кезде Лора мұның бәрін қалжың деп ойлаған.
 
Дереккөз: http://www.newsru.com
Все новости