|    |  
19 желтоқсан 2018
06:23
Денесіне тату салдырған Луинаны оқырмандар сынға алды
16 қараша, 12:04 871

 
Әнші Луина мына суретін instagram-дағы парақшасына жүктеп: «Қайырлы таң! Тату мен үшін денедегі сурет қана емес. Мен татуға ерекше мән-мағына беремін, сенемін әні онда энергия бар. Бұл менің тәнімдегі бірінші тату емес және соңғысы деп те ойламаймын. Бұны жасатуға ұзақ уақыт бел байламай жүрдім. Себебі шебердің кәсібилігімен қатар мен үшін студияның тазалығы, сәні маңызды»-деп жазған.

Жазбасының соңында әнші «Сын қабылданбайды» деп жазса да желі қолданушылары оның тарапына сынды қарша боратып жатыр. Басым бөлігі шариғатта тату салуға тыйым салынғанын, қазақ қызына мұндай қылықтың жараспайтынын айтуда. 
Все новости