|    |  
07 желтоқсан 2019
11:24
Дертіңізді тіліңізге қарап анықтаңыз
29 қараша 2019, 09:55 263
Тілге қарап ағзалардың қалпын анықтауға болады.



Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді. Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар:

Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі.

Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады.

Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін.

Қоңыр тіл – ішек қызметінің бұзылуынан болатын өзгерістер, дәрілерге аллергияның нәтижесінде де болуы мүмкін.

Тегіс жылтыр тіл - бауыр қызметінің көрінісі. Тілдің құрғақтығы ұзақ уақыт бойы сақталса, ол қант диабетінің әсері болуы мүмкін.

Жарық тіл – асқазан, ішек жолдарының бұзылыстарынан пайда болады.

Таңертеңгілік ұйқыдан тұрғанда тілде тіс іздерінің болуы шаршаудың және жүйке күйзелістерінің белгісі.

Ақ немесе сарғыш-қоңыр қалың қабықтың болуы – иммунитеттің әлсіреуі немесе асқазан-ішек жолдары ауруларының көрінісі болуы мүмкін.

Қалың қатпармен қоса, ауыз қуысында ойық жаралар болып, тәбет тің нашарлауы байқалса, ішектің қабынуы немесе ойық жара бар болуы мүмкін. Бұл белгілер түндегі және ашыққан кездегі және тамақтанудан 2-3 сағаттан кейін пайда болатын ауру сезімімен бірге болса, дерттің шынымен-ақ болуының мүмкіндігі 100 пайызға дейін жетеді дейді дәрігер мамандар.

Дереккөз: Reactor
Все новости