|    |  
17 қараша 2018
15:53
Ди Каприо «Оскар» сыйлығын мейрамханада ұмытып кеткен
01 наурыз, 17:30 962

Актер Леонардо Ди Каприо 28 ақпан күні  «Выживший» фильміндегі  ең жақсы   ердің рөлін сомдағаны үшін жеңіп алған «Оскар» сыйлығының мүсінін мейрамханада ұмытып кеткен. Бұл туралы TMZ порталының  репортері  «Оскар» сыйлығын иеленушілерге арналған кештен кеін түсіріп алған.

Ди Каприо мен оның әріптестері жүлделерін Лос-Анджелестегі мейрамханалардың бірінде атап өткен. BangShowBiz басылымы оқиғаны былай баяндайды: мерекелік жиыннан кейін Ди Каприо мен жолдастары көлікке барып отырады. Сол кезде актердің соңынан бір кісі жүгіріп барып «Оскар» сыйлығының мүмінін жеткізіп береді.

«Сіз мынаны өзіңізбен алып кетемін деп едіңіз?»- деп сұрайды актерден мейрамхана қызметкері.  «Оны Дэнге бер»-деп жанындағы жігіттердің бірін көрсетеді Ди Каприо.

«Оскар» сыйлығын үлестіру кезінде  Ди Карпионың жүлдегер атанғаны Twitter желісінде рекорд орнатқан. Актердің есім аталғаннан кейін бір минуттың ішінде осы желіде, актердің жеңісі жайлы 440 мың жазба таратылған. Өзінің «Оскар» сыйлығын ала отырып актер жұртты ғаламшарымыздағы климаттық мәселелерге көңіл аударып, онымен күресуге шақырған еді.


 Stan.kz
Теги: Главная
Все новости