|    |  
17 желтоқсан 2018
12:24
Дильназ Ахмадиеваның жаңа образы көпшілікті таң қалдырды (фото)
22 маусым, 17:11 1307
Танымал қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиеваның жаңа образы тыңдармандарын шошытты.



20 маусым күні өткен Қазақстан кола жазғы фестиваліне әнші ерекше образ таңдапты.

Кейін жаңа образында түскен суретін Instagram-дағы парақшасына жүктеп, жанкүйерлерінен жағымсыз пікір жазбауын өтінді.

«Мағат тәжірибе жасап көрген үнемі ұнайтын. Қазақстан коланың жазғы фестиваліне өзімді өзгеше сезінуге мүмкіндік бергені үшін рахмет! Бұл керемет тәжірибе болды. «Фу» деген сыңайдағы пікірлеріңізді жазбай-ақ қойыңыздар», — дейді әнші желідегі фотосуретінде қалдырған жазбасында.

Продюсер Эрик Тастембеков Дильназбен тускен суретін салып, әншінің жаңа образын «Люди-Х» фильміндегі Мистик атты кейіпкерге теңеді.

Дереккөзі: www.nur.kz
 
Все новости