|    |  
17 шілде 2019
05:36
Димаш болашақ жары туралы сыр шертті
02 шілде 2019, 12:35 191
Димаш Құдайберген «Қазақстан» арнасының бағдарламаларының біріне берген сұхбатында болашақ жары туралы сыр шертті. Әнші болашақ жарының ата-әжесінің, ата-анасының қолында тұратынын айтады.



«Мен қай елде жүрмейін, менің болашақтағы жарым міндетті түрде ата-әжесінің, ата-анамның қасында жүреді. Сол кісілердің қасында тұрады. Бөлек тұру деген, қызғанамын мен. Үйдегі үлкен кісілерді артымдағы Мансұрға беріп қоймаймын. Ата-әжемді де, ата-анамды да қызғанамын, бермеймін. Мансұр өссін.

Менің кіші кезден бергі арманым барлық бауырларымыз, ағайындарымыз, ата-әжелеріміз, үйдің үлкендері. Үйдің үлкені бар - қазыналы үй деп айтады ғой. Мен өз қазынамнан айырылғым келмейді. Бірақ, ініме де тілекшімін. Оған да бергім келеді. Сол себепті, ініммен бірге, бауырларыммен бірге бір үлкен ошақ басында ұзақ ғұмыр кешсек қой деп армандаймын»-дейді Димаш.

Все новости