|    |  
22 қазан 2019
06:12
​Динара Сұлтан: Күйеуімнің де, менің де бірінші отбасымыз болған
23 қыркүйек 2019, 12:47 245
Жеке өмірін жұрттан жасырын ұстайтын Динара Сұлтан отбасына қатысты бар шындықты жайып салды. Әнші «Оңай емес» бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің ата-анасы, балалық шағы, жеке өмірі, күйеуі мен өзінің бірінші некелері жайлы сөз қозғаған.


 
«Ата-анам он жасымда ажырасып кеткен. Өзім үйдің үлкенімін. Әкем Атыраудікі. Анам екеуі Алматыда бірге оқып, кейін сол Атырауға барып тұрақтаған. Бірақ бала күнімізде үйде ұрыс-керіс көп болатын. Анам мәдениет саласында жұмыс істеді, көрнекті адам болатын. Әкем қызғанған болуы керек. Үйдегі ұрыс-керісті көре бергеннен кейін ата-анама «Дұрыс отбасы бола алмайды екенсіңдер, бұлай ұрыса бергенше ажырасып кетсеңдерші» деп мен айтатынмын. Ақыры ата-анам он жыл бірге тұрып ажырасты. Бірақ сіңілім Венераны әкем алып қалды. Біз сіңілімді бес жылдай көрген жоқпыз. Бәріміз қиналдық. Әкем кейін екінші отбасын құрған. Екінші некесінен туған балаларымен, яғни, бауырларыммен араласып тұрамын. Анам да кейін тұрмыс құрды. Екінші некесінен тағы бір сіңілім бар. Ешкімге өкпе-ренішім жоқ»-деген әншінің жеке өмірі де тәтті болмаған көрінеді.
 
«Жолдасым Ерланның бірінші отбасы болған. Ол отбасынан кету туралы шешімді өзі қабылдап, ажырасқан. Бірінші некесінен балалары бар. Біздің үйге келіп, «кеміздің үйінде жатырмыз» деп жатып кетеді. Олармен араласамыз. Біз он жыл бойы мұсылмандық некеде тұрып, жақында ғана той жасадық. Менің де бірінші некем болған. Бірінші жарым екеуміз жастықпен, сезіммен тбасын құрғанбыз. Бәрі қарсы болған, жассыңдар, қоя тұрыңдар деген. Көп тұрған жоқпыз, бір жарым жыл ғана тұрдық. Үлкен қызым бірінші некеден. Өз әкесімен араласып тұрады, папа дейді. Ерланды әке дейді. Бәрі жақсы. Бүгінгі өміріме көңілім  толады»-дейді әнші.
 
Дереккөз: Reactor
Все новости