|    |  
21 қараша 2018
13:00
​Дональд Трамп президент сайланса АҚШ ДСҰ-нан шығуы мүмкін
25 шілде, 10:52 615
 
 
АҚШ прездиенттігіне үміткер миллиардер Дональд Трамп жеңіске жеткен жағдайда елдің Дүниежүзілік сауда ұйымынан (ДСҰ) шығу мүмкіндігін жоққа шығармайды.  NBC телеарнасына берген сұхбатында ол америкалық компаниялардың өндіріс қуатын өзге елдерге ауыстыруына қарсы күресетінін айтқан.
Дональд Трамп кәсіпкерлердің америкалық шатта өз зауытын жауып, Мексикада жаңасын ашатын жағдайды мысалға келтірген. «Оларға баж төлеуге тура келеді. Олар барлық қызметкерлерді жұмыстан босатып, зауытты Мексикаға көшіреді. Сол жақтан өнімдерін шығарып, оларды АҚШ-та бажсыз сатады. Оларға баж салығын төлеуге тура келеді»-дейді. Трамптың айтуынша баж салығы 15%, 25% немесе 35% болуы мүмкін. Ол бұл жағын әлі шешпеген көрінеді.
 
«Мұндай саясат ДСҰ-ның ережелерін бұзбайма?» деген сұраққа Трамп: «Онда біз келісімдерді бұзамыз немесе шығамыз. Бұл сауда келісімдері – апат. ДСҰ – бұл апат. NAFTA — бұл да апат»-деп жауап берген. Миллиардер мұндай қадамның АҚШ үшін немесе әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян әкелмейтінін айтқан.
 
Дереккөз: ratel.kz
Все новости