|    |  
20 наурыз 2019
16:21
Дондағы Ростовта нөсер құйып, табиғат апатын тудырды (ВИДЕО)
01 шілде 2016, 13:55 8



Дондағы Ростовта болып өткен нөсер жауын қала орталығында табиғат апатына әкеп соқты. Дүлей күштен бір адам көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, судың нөпірінен қыз көлік астына қарай ағып кетіп, тұншығып қалған.

Тағы бір жеткіншекті үзілген электр желісінен тоқ соққан. Абырой болғанда, бала аман қалып, ауруханаға жеткізілді.+

Ростов облысы ТЖМ мәліметі бойынша, қалада ондаған автомобильді су ағызып әкеткен. Нөсер жауыннан қала маңындағы вокзалдың темір жолдарын су басып, пойыздар қозғалысында іркіліс туындаған. Батайск қалашығында 20 үй мен 60 учаскені су астында қалды.

Қазіргі таңда Ростов облысы бойынша ТЖМ бес адамның зардап шеккені туралы хабарлап отыр.

Қалада төтенше жағдай жарияланып, полиция және ЖПҚ қызметкерлері толық құрамда қызмет етуге шықты.


Все новости