|    |  
23 мамыр 2019
18:08
​«Дос-Мұқасан» тобының әншісі әуежай қызметкеріне қол көтерген
17 сәуір 2019, 15:35 174
«Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайынов әуежай қызметкерін ұрып жіберген. Оқиға 14 сәуірде халықаралық Назарбаев әуежайында болған.


 
Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша әнші рейске отыратын кезде айқайлап сөйлеп, бейәдеп сөздер айтқан. Экипаж ұшу қауіпсіздігі үшін оны тасымалдаудан бас тартқан кезде, жолаушы әуе компаниясы қызметкерлерінің көзінше жолаушыларға қызмет көрсету ауысымының басшысын маңдайынан қатты ұрып жіберген. Зардап шеккен қыз денсаулығына байланысты демалыс алған.
Все новости