|    |  
14 қараша 2018
11:48
Дубайда күніне 2500$ пайда табатын қайыр тілеуші ұсталды
19 сәуір, 11:22 803


Алғашқы үш айда Дубайда қайыр сұрап жүрген 59 адам ұсталды. Әмірлік мегаполисінің муниципалитеті хабарлағандай, шамамен 2500 АҚШ доллар көлемінде пайда тапқан.
 
Дубай Муниципалитетінің өкілі Фейсал Аль Бадьяви өз хабарламасында әмірліктегі қайыр тілеумен күресу науқаны аясында полиция қайыр тілейтін 59 тұлғаны ұстағанын хабарлады.
Ұсталғандардың кейбіреулерінде төлқұжаттары, іскерлік және туристік визалары болды. Науқан аясында «қайыршылардың» басым бөлігі БАӘ-ға үш айлық виза арқылы заңды түрде кірген, деді  Аль Бадьяви.

Әмірлік шенеунігінің сөзіне қарағанда, Дубайда қайыр тілеушілердің бірі айына 270,000 дирхамнан астам 73500 АҚШ доллар пайда тапқан. Орташа алғанда бір тәуліктегі табысы шамамен 9000 дирхамды (2450 АҚШ долларына жуық) құрады. Негізінен мешіттердің жанында қайыр тілеген.
 
 
Теги: Қоғам
Все новости