|    |  
15 қараша 2018
11:05
Дүкенге аю кіріп кетті
14 қазан, 15:12 911
Хабаровскте ерекше төтенше жағдай орын алды. «Подсолнух" сауда орталығына қара аю кіріп кеткендіктен, полиция жасағы шақыртылды, деп хабарлайды planet-today.ru.



Жол және патрульді полиция аю жүрген жерді қоршауға алды. Кейбіреулері адамдарға болып жатқан оқиға жайлы ескертті. Ал аю шыны есікті бұзып, сауда орталығының залына кірді. Абырой болғанда онда азаматтар болмады.  

Шынының сынығынан жарақаттанған аю қоғам үшін қауіп төндіргендіктен тәртіп сақшылары оны атуға мәжбүр болды. Аюдың өлі денесін оқиға орнына келген аңшылар алып кетті. 


Дереккөзі: ҚазАқпарат
Все новости