|    |  
24 ақпан 2019
12:14
ЕАЭО елдері арасында ең жоғарғы инфляция Қазақстанда тіркелді
13 қаңтар 2016, 15:14 8


Қазақстанда тауарлар мен қызмет құны 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 12,3%-ға қымбаттады. Бұл өсім Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында ең жоғарғы көрсеткіш болды, деп хабарлайды LS.

Есептік кезеңде инфляция деңгейітРесейде — 12,1%, Беларусь елінде – 10,7%, Қырғызстанда – 2,3% болған. Ал Арменияда тұтынушылар бағасы 1,8%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, Еуразия экономикалық комиссия ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанда  бензин, сүт және ет өнімдері өндіру азайған ЕАЭО елдері арасында жалғыз мемлекет.

Сонымен елімізде 2015 жылдың қаңтар-қараша айында 2014 осы кезеңімен салыстырғанда бензин 5,8%-ға, сүт – 2,4%-ға, ет – 4,5%-ға азайған.

Алайда одақ бойынша Қазақстанның инвестициясы негізгі капитал бойынша 3,9%-ға, жолаушылар айналымы бойынша 2,2%-ға артқан.

Дереккөзі: 7kun.kz
Все новости