|    |  
22 қараша 2018
03:11
Екі канадалық лотереядан 18 миллион доллар ұтты
24 тамыз, 14:50 820


Канадалық Онтарио және Нью-Брансуик провинцияларының екі тұрғыны 18 миллион долларға (шамамен 14 миллион АҚШ доллары) ие болып, аяқ астынан байып шыға келді.

Ақшаны олар  белгілі «49-дан 6»  ұлттық лотереяларының бірінен ұтты. Жолы болғыштар 14, 22, 31, 37, 43 және 49 нөмірлерімен ұтыс түбіртегін көрсеткеннен кейін 9 миллион доллардан алады.
Лотерея қағидасына сәйкес жеңімпаз өз есімін айтуы тиіс, анонимдерге ұтыс берілмейді.
Atlantic Lottery Канада аумағында 1976 жылдан бері ұтыс ойынын өткізіп келеді. Осы кезең ішінде ұтыс сомасы канадалық 5,5 миллиард долларды  (4,73 миллиард АҚШ доллары) құрады, деп хабарлады ТАСС.
Все новости