|    |  
18 қаңтар 2019
02:24
Елімізде қанша Наурызбай бар?
21 наурыз 2018, 12:22 85
Наурыз айын халқымыз қасиетті, киелі ай санайды. Осы айда дүние есігін ашқан балаға Наурыз есімін қою үрдіске айналған. Ал күн мен түннің теңелген уақыты яғни, 22-ші наурызда өмірге келгендердің қарасы аздау. Әрі сирек құбылыс.




Сондықтан да ата-әжелеріміз «Қасиетті күнде кез-келген адам туыла бермейді. Дәл осы күні өмірге келген сәбиді әлбетте Наурыз есімін қою керек. Атымен атау керек» дейді. Расына дәл 22-ші наурыз күні туылған сәбилердің қарасы аз. Ал Наурызбай есімін киелі санайтындар туылған күні сәйкес келмесе де осы есіммен атауды жөн көретіндердің қарасы басым, деп Otyrar.kz  порталы хабарлайды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Статистика комитеті қызық деректі жария етті. Елімізде Наурызбай есімін иеленгендердің нақты санын жариялады. Әз Наурыз мерекесі қарсаңында киелі есімді иеленгендердің санын білмекті құп көргеніміз де рас. Сонымен еліміз бойынша Наурыз есімді – 1 399, Наурызбай — 2 937, Наурызбек — 3 083 адам тіркелгені белгілі болып отыр. Наурыз есімділердің ең көбі Маңғыстау облысында тіркеліпті. 260 адам. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында — 257, Қызылорда облысында -163 адам тіркелген.

Ал Наурызбай есімін иеленгендердің ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады екен. 606 адам. Екінші орында Алматы облысы — 273. Үшінші орында Қызылорда облысы — 266 адам.

Ал Наурызбектердің басым бөлігі Маңғыстау облысында. 640 адам. Атырау облысында -547, Ақтөбе облысында — 314 адам.


 
Все новости