|    |  
15 қараша 2018
13:20
Елімізде жылжымайтын мүлікті жалға беру қымбаттады
06 сәуір, 11:36 925


Қазақстанда 2016 жылғы қаңтар-наурызда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 0,7%-ға өсті, делінген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.

Статмәліметтер бойынша, 2016 жылғы бірінші тоқсанда әкімшілік-кеңсеге арналған жайларды жалға беру бағасы 1,1%, қоймаларды – 0,8%-ға өсті.

Валютаны айырбастау пункттерін жалға беру бағасы 3,2%, бильярд залдарын – 1,2%, өндірістік цехтарды – 1,1%, фотосалондарды – 1%-ға көтерілді.

Өнеркәсіптік базаларды жалға беру 2,1%, банк филиалдарына арналған орын-жайларды – 1,6%-ға арзандады.

 
Все новости