|    |  
25 маусым 2019
20:56
Елсіз аралға тап болған теңізшілерді пальма жапырақтары құтқарды
11 сәуір 2016, 13:05 17

Дауылдан кейін Тынық мұхитындағы елсіз аралға түскен үш теңізшіні жағаға пальма жапырақтарымен жазылған жазу құтқарды. Бұл туралы АҚШ Жағалау күзетінің гавайлық бөлімшесі өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды. 

Теңізшілер кішігірім қайықпен 4 сәуір күні кешке үш сағаттық жүзуге шығады. Біраз уақыттан соң дауыл басталып, қайық төңкеріліп қалған. Олар түнде жақын аралға дейін 2 миля қашықтықты жүзіп өткен. Олар жеткен аймақ елсізарал болып шықты. 

Олар аралдағы құмға пальма жапырақтарымен Help сөзін жазды, олар сол жазу арқылы табылды. "Теңізшілердің тапқырлығы олардың құтқарылуына мүмкіндік берді", - деді жағадағы күзетшілер. 



massaget.kz
 
Все новости