|    |  
20 қыркүйек 2019
14:59
Ер адам 14 мың долларды жолға шашқан
13 қыркүйек 2019, 09:48 156
Қытайдың Фуцзянь провинциясында 42 жастағы жергілікті тұрғын Хуанг жолға 14 мың доллар шашқан.


 
Өтіп жатқан жолаушылар ол ақшаны жапа-тармағай жинай бастаған. Ал автокөлік жүргізушілері көліктерінен түсіп, ақша жинауға кіріскен. Соның салдарынан кептеліс пайда болған.
 
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны ісін сынға алып, жолаушылардан ақшаны полицияға тапсыруды талап еткен.
Хуангтың өзі болса бай емес екенін, жұмыстағы келеңсіздіктің себебінен ақша шашқанын және оны қайтаруға ниетті екенін айтқан. Оның жарты ақшасы қайтарылған.



Дереккөз: Сегодня
Все новости