|    |  
13 қараша 2018
14:00
​Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс Прокуратураға берілді
04 тамыз, 15:06 874

 
Астананың Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты қылмыстық іс Астана қаласының прокуратурасына берілді.  Айыпталушы Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Серік Сәрсенов: «Іс Астана қаласының прокуратурасына 3-тамызда берілді. Заң бойынша ол екі апта қаралады. Содан кейін сотқа немесе қайта тергеуге жолданады»-дейді.
 
Аталған іс бойынша қазір үш айыпталушы бар: Н.Әжімбай, А.Тихоненко, В.Шерстенев. Олар 10-тамызға дейін қамауда болады. Алдында айыпталушылардың қатарында болған Аян Мейірбаев қамаудан босатылған. Тергеу органдарынан сотқа Мейірбаевты қамау мерзімін ұзарту туралы өтініш түспеген.  
 
«Менің қорғауымдағы Н.Әжімбайға қатысты оның іс-әрекеттері туралы 28-маусымда жаңа қаулы шықты. Бірінші және жаңа қаулының негізінде мен іс бойынша барлық өндірісті жарамсыз деп тану және қылмыстық іс-жүргізу кодексі өрескел бұзылғандықтан оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш бергенмін. Нұрбек осы уақыт бойы өзінің конституциялық құқығынан айырылды»-дейді Сәрсенов.
 
Студент Ерасыл Әубәкіров биылғы жылдың 3-ақпанында жоғалып, бір аптадан кейін мәйіті табылған болатын.
 
Дереккөз: forbes.kz
Теги: Қоғам
Все новости