|    |  
24 қазан 2019
04:36
​Ердос Қанаев отбасы жайлы ақиқатын айтты
30 қыркүйек 2019, 10:34 544
«Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаев жары Айдана Мейірбековамен бірге «Той жыры» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасылық өмірі, бала-шағасы жайлы айтты.


 
Келіншегімді алғаш рет тойда көрдім. Топпен тойға барғанбыз. Сол жерде ебін тауып танысып, нөмірін алдым, біраз уақыт таныс болып жүрдік. Ол кезде Айдана мектеп жасында болатын. Содан кейін бір-бірімізді бес жыл жоғалтып алдық. Бес жылдан кейін екінші рет тағы тойда көрдім. Ол кезде он сегізде. Айдананың әкесі Ерғали ағаммен араласатын. Бірақ мен Айдананың ол кісінің қызы екенін білмеппін. Екінші рет тойда Айдананың анасын көргенде қатты қуандым. Намаздағы, орамалдағы кісі екен. Сөйтіп, Айданаға сөз салып, бұл кісі екі күннен кейін келісімін беріп, үйлендік. Бірінші баламыз дүниеге келгенде қатты толқыдық. Бірақ бала туғаннан кейін сал аруының ауыр түріне шалдыққанын білдік. Қиналдық. Аурухана мен үйдің арасында жүргенімізге тоғыз жыл болды. Тұңғышым қазір тоғызда. Атын Әбдурахим деп өзім қойдым. Одан кейін екінші ұлым Диасыл, қызым Асылым, кенже ұлым Ахмет дүниеге келді. Осы уақытқа дейін тұңғышымның дертті екенін еш жерде айтпаған едім. Алланың сынағы деп қабылдадық»-дейді әнші.
Все новости