|    |  
26 наурыз 2019
07:11
Ерекше әңгімешіл жұлдызнама белгілері
05 желтоқсан 2018, 11:17 3

Сіз қалай ойлайсыз, әңгімеге жақынсыз ба? Өз оқиғаңызды ерекше қып айтып, тыңдарманды ұйыта білу қабілеті сізде бар ма? Біздің жеке қасиеттеріміз жұлдызнама белгілеріне де байланысты болатындықтан, қандай жұлдызнама өкілдерінің әңгімешіл екенін анықтауға мүмкіндік туды.

Тоқты

Тоқты өзінің ойы мен көңілін анық әрі нақты көрсете біледі, тыңдармандарымен бөлісетін ақпараттары үнемі өзімен бірге жүреді. Бұл жұлдызнама өкілдері шытырман оқиғаларды ұнатады, демек тыңдарманына айтатын әңгіме де жетіп артылады. Тоқтылардың тәжірибесі де мол, ендеше әңгіме үшін түрлі қызықты тақырып та жоқ емес. Олар тәуекелшіл, өмірге ерекше сеніммен қарайды, толыққанды өмір сүргенді ұнатады.

Егіздер

Бұл адамдар ерекше тұлғалар, өз әңгімелерін айналасына жиі айтып жүреді. Олар барынша табиғи көрінеді. Оларды өзгелерден әзілге бейімдігі бөліп тұрады, сондықтан да өз ойын ашық әрі көңілді жеткізуге құмар. Бұл жұлдызнама өкілдері барынша ақылды және бір оқиғаны түрлі қырынан ашып көрсете алады. Сондықтан да тыңдармандары қандай оқиғаларды, әңгімелерді жақсы қабылдайтындығын сезіп отырады.

Арыстан

Егер кімде-кім аудиторияны еліте алатын болса, ол, әрине, арыстан. Арыстанға ең керегі -бәрінің назарын өзіне аударту, олардың мақтанышына бөлену. Бұл жұлдызнама өкілдері тыңдарманын өзіне қарата білетін, пысық әрі ерекше тұлғалар. Олар сонымен қатар әзіл-оспаққа да бейім, анекдот айтқанда арыстанға тең келер жан жоқ шығар сірә. Олардың тілінің майдалылығы сол, тыңдарманын еркін әрі жайлы сезіндіре алады.

Бикеш

Бикеш өз әңгімесі танымды және қызықты болуы үшін кейбір детальдарға мән беріп, қажет емес ақпараттарды тыңдаушыға жеткізбейді. Ол өзінің әңгімесіне де ерекше дайындықпен келеді, алайда оның айтқандары сол жерде құралғандай көрінеді, жеңіл әрі ерекше шығады. Алайда бикеш мұның бәрін алдын ала дайындап, пысықтап алғалы қашан.

Таразы

Таразы өмір бойы мұндай ойнақы әңгімелерді айта білетін адамдардай сезіледі. Әңгіме қызықты әрі шытырман болуы үшін оны сәндеу де қолдарынан келіп жатады. Олар әңгімелейтін кез келген оқиғада, әңгімеде бұдан шығатын қорытынды, тәрбие ұшқыны қылаң береді. Кештерде және қоғамдық жиындарда адамдарды бір-бірімен араластыру үшін және байланыстыру үшін олар үнемі әңгіме айтқыш келеді. Олар айналасындағы адамдарға ұнағысы келеді, сондықтан да осындай әңгімелер айтуға құмар.

Балықтар

Балықтар әңгімеші қабілетін өзін көрсету үшін пайдаланады. Кей кездері олардың айтқандары жай ғана монолог секілді көрінгенімен, кейде сезімге толы және әртістік қабілет ұшқын беріп жатады. Балықтар қиялға берілгіш келеді, сондықтан көп жағдайда олардың әңгімелердің қисыны жоқ. Өзін қиялға берілгіш әңгіме айтудан еш шектемейді. Олар ортаға бейімделгіш болғандықтан, кез келген тыңдарман арасында қызықты тақырыптарды қозғай алады.

Дереккөз: Flytothesky.ru
Все новости