|    |  
11 желтоқсан 2018
00:51
Ерекше ұсыныс жасамақ болған қытайлық ағаш басында отыруға мәжбүр болды
24 мамыр, 12:34 980

Қытайлық азамат сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасамақ болғанда парашюты ағашқа кептеліп қалды. Бұл туралы 24.kz RT сайтына сүйеніп жазады. 

Қытайдың Ичан қаласының тұрғыны сүйіктісіне ерекше етіп ұсыныс жасамақ болған. «Гоу Хунюнь, маған тұрмысқа шық!» деп жазылған парашютпен жерге түспек болған. Жерге қону кезінде парашюты ағаштың бұтақтарына қыстырылып қалған. Ерекше ұсыныс жасамақ болған жігіт ағаш басында бір сағат отыруға мәжбүр болыпты. Бір сағаттан кейін құтқарушылар арнайы кранмен оны түсіріп алды. 





 
Все новости