|    |  
26 наурыз 2019
00:57
Ересек болу деген не?
15 ақпан 2019, 16:24 6


1. Ересек болу-өзгелер қандай болса, дәл сол қалпында қабылдай білу; 
2. Ересек болу-сенің пікірің әрдайым дұрыс бола бермейтінін түсіну; 
3. Ересек болу-жаныңды қинаса да кейде бас тарту керек екенін түсіну; 
4. Ересек болу-басқалармен қарым-қатынастан ешнәрсе күтпестен, өз тарапыңнан барын бере білу; 
5. Ересек болу-қандай жақсылық жасасаң да, ең алдымен өзіңнің жан тыныштығың үшін жасаған амалың екенін сезіну; 
6. Ересек болу-бар әлемге қандай ақылды екеніңді дәлелдеуден бас тарту; 
7. Ересек болу-өзіңді өзгелермен салыстырмау; 
8. Ересек болу-әрқашан қалағаныңа қол жеткізе бермейтініңді ұғыну; 
9. Ересек болу-күнделікті өміріңе шүкіршілік етіп, бұдан да жақсы өмірге талпыну;
10. Ересек болу-біреу өкпелетсе де, кек сақтап, өшіңді алудан бас тарту; 
11. Ересек болу-өзіңді ғана емес, өзгелерді де ойлау; 
12. Ересек болу-адамның бәріне ұнай бермейтініңді білу; 
13. Ересек болу-әр мәселенің сан қырынан қарап, ой қорыта алу; 
14. Ересек болу-азырақ мін тағып, көбірек сүйіспеншілік таныту; 
15. Ересек болу-жауапкершілік; 
16. Ересек болу-сүйе білу; 
17. Ересек болу-даналық пен білімнің негізі адамгершілік екенін ұғыну; 
18. Ересек болу-өмірің де, тағдырың да, бақытсыздығың да, бақытың да бір Алланың әмірінде екенін біліп, таңдау жасағанда ақылға жүгіну; 
19. Ересек болу-біреу сені жек көрсе де, ол адам үшін шынайы дұға жасай алу; 
20. Ересек болу-Алланы тану, құлшылық ету, адамдардың сөзіне құлақ аспай, тура жолда бар жан-тәніңмен болу.
Все новости