|    |  
21 тамыз 2019
06:08
​Ерке Есмахан отбасымен бірге Мысырда демалып қайтты
06 тамыз 2019, 16:22 247
Әнші Ерке Есмахан жазғы демалысын ғажайыпқа толы Мысыр елінде өткізді. Әнші жалғыз бармаған. Ата-анасын, ұлын, інілері мен сіңілілерін ала барған.


 
«Естен кетпес демалыс осымен аяқталды. Ата-анам дән риза! Олардың риза болғанын көріп, менің басым бақыттан айналып жүр. Інілерім мен ұлым және сілілерім де керемет көңіл-күйде! Аллаға сансыз шүкір!»-деген әнші алдағы жоспарларымен де бөлісті.
 
Енді әнші елге келе салып  ”Антонио”-деген жаңа ән жазып, бейнабаян түсірмек.



 

Армандай білген жақсы ғой.☺️ Өзім басқасын қатырмасам да, армандаудың жанын шығарам!???? Кейде армандап отырамын да, сосын есімді жиып: "и Ерке, олай қатты кетпешиш, не істеп кеттің тіпті", - деп өзімді тоқтатамын!???? "Арманмен жатып, Мақсатпен оян" - десе бір әйел: "қой, құрсын күйеуім білсе, өлтіред", - депті ғо!???? Дым қысылмай армандай беріңіздер! Армандар орындалады!❤️ @rixossungate #RixosHotels #RixosMoments

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Тарихы тереңде жатқан ежелгі Мысыр елінің ескі мешітінде қасиетті жұма күнін өткіздік.???? Өзім бұған дейін бұл елге келгем және осы мешітке әке-шешемді әкелсем ғой деп армандап кеткен ем. Аллаға шүкір, ата-анам бүгін осы жерде жұма намазын оқыды. Ниеттері қабыл болсын.???? Елім үшін, әрбір оқырманым үшін ниет етіп, қол жайдым. Алла әрбіріңізге мәнді де сәнді, берекелі-мерекелі ғұмыр берсін! Бай - қуатты болыңыздар!???? Қасымдағы бір әпппууқ жігітті көріп тұрсыздарма? ???? @rixospremiumseagate #rixosmoments

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Таныдыңыздарма????? Бір көргеннен ғашық болу деген осы шығар!???? Демалысқа келгеннен менің әр күнімді гүлдендіріп жүрген Антонио деген осы жігіт!???? Стористан бәрін көріп жүрсіздер ғой! Күнде сюрприз күнде Принцеска!???? Негізі ақ көңіл, жақсы жігіт! Өзімде бауыр басып қалдым!???? Тек мейлі таз болса да ақшасы аз болса да дегеннің кейпі боп тұр...????‍♀️ А так реңі мен фигурасы біздің @nurbullin сияқты болғанда қала салатын едім қасында!???? Бірақ қайтам деп шештім!???? @rixospremiumseagate #rixosmoments Антонио Франческо!❤️

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Мен осы бейбіт елдегі тыныш өмірімнен айырылғым келмейді! Өзімнен бұрын ата-анам, бауырларым, ұлым үшін алаңдаймын! Жүздерінен қорқыныш, үрей көргенде жүрегім ауырады.???? Халықпен бірге бол, инстаграмда оқырманың көп, жина да митингке шық - дейсіздер... Мен неге шығуым керек, митингтің мақсаты не бұл жерде?! Бейбіт шерудің соңы қантөгіске айналатынына тариxта мысал көп. Халықтың қаны төгілген елде бейбітшілік болушы ма еді?! Арандатушыларға еріп, шерулетіп жүргендер, не үшін шыққандарын өздері толық түсінбейді.???? Ақылға салып бір ойланып көріңіздерші! Өнер адамдарынан өш алып, оларға жөнсіз сөз айтудың қажеті жоқ. Мені қоя беріңіздерші, өнердегі үлкен аға-әпкелерімізге жазып жатқандарыңызды оқып, жағамды ұстаймын.???? Керісінше, біз сол кісілердің сөзіне құлақ салайық. Туған елге ешкім жамандық тілемейді. Тек ел, жер, халық, сабырлық, тыныштық, бейбітшілік, сіздермен біргеміз - деп ұрандатып жатыр! Мен де сіздермен біргемін! Не болса да xалықтың жағындамын! Мен әншімін, бірақ дәл өздеріңіздей адаммын! Қолдан соғыс жасамайықшы, өтініш! Алла бұдан қиын сынақ жібермесін бізге! Содан қорқамын. Осы күнімізді аңсап қалмайық!???? Жаңа президентіміз енді сайланды! Күтейік кішкене, жақсы жаққа өзгеріс болатынына сенімдімін! Мен өзім қолдап дауыс берген кандидат! Барлық үмітті ақтайды деген ойдамын! Уақыт берейік! Ол xалықтың үнін естиді. Көреді. Халықтың бір өкілі ретінде заңсыздықтар, қорқынышты дүниелер орын алып жатса, мен қарап қалмаймын. Айтамын! Жазамын!???? Сұранамын сіздерден! Біздің ыдырағанымызды күтіп отыр өзге елдер! Күлкі болмайықшы! Ақылға келіңіздерші! Кішкене тынышталып қалдыққой, Алла жар болып әрі қарай өмірімізді тек қуанышты күндерге толтырсын!????

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Сәлем достар.✌️ Тағы бір ұмытылмастай ғажайып демалысты өткіздік. Алла қаласа, жолға шығып барамыз.???? Демалысымыздың сапалы өтуіне атсалысқан @eltour.kz және оның басшысы Айжанға шексіз раxмет айтамын. @aizhankarimova???? Интеллекті мықты Айжанның парақшасына көз салып жүріңіздер, туризмге қатысты өте қызықты ақпараттар жариялап отырады. Айжан білікті туроператор, өзі де саяxатшы, жан-жақты білімді жан! Жасасын қазақтың қыздары!???? Ал мен бір оқырманыма 20 000 тг бірлік сыйлағым кеп тұр. Ол үшін 4 жол өлең шығаруыңыз керек. 4-ақ жол!???? Суретке қарап тау, су, аспан, Ерке деген сөздерді құрап күштііі өлең шығарып комметке жазыңыз!???? Ең ұнаған өлеңге 20 мың бірлік! Ал кеттік. Біз 6-7 сағат әуеде боламыз. Сіздер жаза беріңіздер. Алла қолдап, Алматыға жеткен соң жеңімпазды анықтаймын!❤️

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)


Дереккөз: Reactor
Все новости