|    |  
11 желтоқсан 2018
14:11
Ернімен сурет салатын модель
23 қыркүйек, 11:41 1771
«Әлем миссі» конкурсына қатысқан Моңғолия өкілі өзінің көрмесін ернімен салған суреттерімен ашты. Бұл туралы AsiaRossia.Ry хабарлады.



Моңғолдың Намширын Ану есімді бұл сұлуы бұған дейін «Манчжурия миссі-2014» конкурсында бас жүлде алған. Ал биыл Сеулде өткен «Asia Model Festival -2015» конкурсында жеңімпаз және топ-модель атанған.

Намширын Ану жеке көрсеткіштері де өте жақсы. Оның бойы – рост 178 см, дене пішімі өлшемі – 88-60-90. Жасы 22-де. Моңғол және ағылшын тілдерін біледі. Оңашадағы ермегі – өлең жазу, ернімен сурет салу. Ол сондай-ақ саяхаттағанды және суда жүзгенді ұнатады. Білімі жағынан келсек, ғылым және технология университетін «графика дизайны» мамандығы бойынша бітірген.


«Менің сурет салуға деген аздаған талантым бар дейік, – дейды Ану. – Ал әйелдер ернімен сурет салып шықса, олары керемет сұлу көрінеді. Сондықтан мен суретті қолдарыммен емес, ерніммен салуға шешім еттім. Ерінмен сүйіп салған қызықты болып шығады деп білдім», – дейді ол тағы.

Дереккөзі: ras.kz
Все новости